2024 жылдың 23 сәуірі күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханашысы №7 мектеп-интернатының 9-сынып оқушыларымен музыкалық сүйемелдеумен «Өлең шумақтарын сезім билегенде» атты әдеби караокесі өтті.
Қатысқан жоғарғы сынып оқушылары әуен ырғағына ілесіп мәнерлеп өлең оқыды. Сонымен қатар ойынымыздың басты тақырыбы жасырылған белгілі ақындардың әнін таба отырып, әрмен қарай жалғастыру көзделді. Балалар алдымен ұялып, содан кейін өлең ырғағын ұстап, автордың атмосферасы мен поэзиясына бойлады.
Барлық ойынға қатысушылар марапаттау қағаздары және естелік сыйлықтар алды.