Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Баяғыда бір ертегі болыпты» театрландырылған қойылым


    №12 балалар кітапхана-филиалы «Еркетай» балабақшасында «Баяғыда бір ертегі болыпты» атты театрландырылған қойылым өткізді. Іс шараға «Көгершін», «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері қатысты.

     

     

    Шараны жүргізген кітапханашы халық фольклоры, ертегілердің өнегелік мәні мен түрлері туралы әңгімеледі. Ертегілердің қиял – ғажайып, жануарлар және тұрмыстық түрлеріне толығырақ тоқталды. Балалар ертегі туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, онда жануарлар адаммен сөйлеседі, жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңетінін білді. Кітапханашы балалармен бірге түрлі ертегілерде және ғажайып елдерде болып, қайырымдылыққа, адалдыққа, батылдыққа және әлсіз адамдарға көмектесуге үйренді. «Ертегі кейіпкерлерін тап» викториналық сұрақтарға белсенді қатысып жауаптарын тапты. «Тапқыр бала» ертегіге театрландырылған қойылым ұсынылды. Осы ертегіге байланысты сұрақтар қойылды. 1. Бала өз бақытын тапты ма? 2. Бала Периді қалай алдады? Ол тастың майын қалай сығып алды? 3. Пери балаға сыйлық ретінде не берді? қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалар бар ынтамен кітаптарды тамашалады. Қызықты әрі көңілді өткен іс шараға 40 бала қатысты.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida