18 сәуірде №16 кітапхана - филиалының қызметкерлері жасөспірімдер кітабы апталығы аясында РЖО балалары үшін «Оқырмандар шайқасы» брейн - рингін өткізді.
Балалар жазушылардың шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді, әдеби шығарманың кейіпкерін анықтады, белгілі сөз тіркестерінің жалғасын тапты, автор мен шығарманы атады. Ойын барысында балалар әдебиет саласындағы білімдерін тексеріп, ойлау, пайымдау, қорытынды жасау қабілеттерін көрсетті, белгілі жазушылардың өмірі мен шығармашылығындағы қызықты фактілерді еске алды. Ойын қызықты өтті.