14 мамырда № 16 кітапхана-филиалының қызметкері №11 ЖББМ КММ 4 сынып оқушыларына «Кітап құрылымы» атты кітапхана сабағын өткізді.
Кітапханашы кітаптың құрылымы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Форзац», «Фронтиспис» деген ұғымдарды анықтап берді. Оқушылар тапсырмаларды орындады: өз кітаптарынан титулдық парақты, аннотацияны, автор және басқаларын тапты. «Кітап құрылымы» тақырыбы бойынша ойын мен викторинаға қатысты. Сабақ танымды өтті.