16 мамырда № 16 кітапхана - филиалының қызметкері «Мерзімді басылым дегеніміз не?», №11 ЖББМ КММ 4 сынып оқушылары үшін кітапхана сабағын өткізді.
Кітапханашы «баспасөз», «мерзімді басылымдар», «рубрика», «мақала», «журнал», «газет» ұғымдарының мағынасы туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол ақпарат әлеміндегі мерзімді басылымдардың маңыздылығы, журналдарды оқудың неліктен пайдалы екендігі, мерзімді басылымдардың ақпаратын қалай пайдалануға болатындығы туралы айтты. «Чем занять непоседу», «Маленькие академики», «Квантик», «Почемучкам обо всем на свете», «Шапокляк», «3/9 царство», «Веселые картинки», «Фантазёры» атты балалар журналдарына шолу жасады.