№12 балалар кітапхана филиалында оқырмандары үшін «Ежелгі ою-өрнектердің дәстүрі» атты шығармашылық сабағы өтті. Іс шара барысында кітапханашы қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келгенін айтты.
«Мүйіз», «Қосмүйіз», «Тоғызтөбе», «Арқармүйіз», «Қырықмүйіз» және тб ою-өрнектері, түстері мен бояуларына тоқталды. Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін оқыды. «Шеберлер» сайысында балаларға 2-тапсырма берілді. 1-ші тапсырмада ортадағы ұлттық киімдердегі ою түрлерінің атын атап өтті. 2- тапсырмада ою өрнектің түстері мен бояулары берілді. Балалар сайысқа белсенді қатысып ою өрнектердің түрлерін атап өтті. «Қолөнерім — өз қолыммен!» өз қолымен жасаған ою өрнектерді кім және қалай жасағанын айтып өтті. Дайындаған әдемі, түрлі түсті оюларды матаға желім арқылы жабыстырды. «Ұлттық киім» ойынында балалар үстіне киіп келген әдемі ұлттық киімдерінің түстерін, ою өрнектерін, бас киімдерін атап шықты. Ою өрнектің тек қана киімде ғана емес және зергерлік бұйымдарда, ыдыс аяқтарда қолданып келетінін айтып өтті. Іс шара соңы «Қамажай», «Қара жорға» биімен көңілді әрі қызықты аяқталды. Балалар көңілді күймен зарядталды.