Кітапхана оқырмандары үшін «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты танымдық ойыны өтті. Іс шара барысында кітапханашы қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлеріне, дайындалу тәсіліне тоқталып, ұмыт бола бастаған Үлпершек, Сүмесүт, Қарма, Шалжығар, Ежігей және т.б. тағамдардың түрлерімен таныстырды. Қазақ халқының ерекше қасиеті – қонақжайлылығы.
Қонағын құдайдай сыйлайтын қазақтың қонақ күтуінде зор тәрбиелік мән бар екенін айтып өтті. «Алтын қақпа» ойынында балалар «Дастархан», «Тағамдар» атты екі топқа бөлініп, берілген тапсырманы тез әрі оңай орындады. Балалар жұмбақтардыңшешіп, мақал-мәтелдердің тиісті сөздерін әрі қарай жалғастырды. «Күміс қақпа» ойынында ет тағамы, сүт тағамы және ұннан жасалған тағамдар түрлеріне қарай бөлді. «Ұлттық тағам» интеллектуалды ойынында балалар белсенді қатысып қызығушылықтары танытты. Іс шара қызықты әрі пайдалы өтті.