Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Спорттық орбитада Көңілді бастама


    №12 балалар кітапхана филиалында оқырмандары үшін «Спорттық орбитада» атты көңілді бастама өтті. Іс шара барысында кітапханашы дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі. Спорт -салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі екенін айтып өтті. Қысқы және жазғы спорт түрлерімен таныстырды.

    Қыста қар мен мұздың болуына шана, шаңғы, коньки ал жазда велосипед, самакат сияқты көлік түрлерінің пайда болуына тоқталды. Балалар «Поезд», «Доппен ойнау», «Газет жолы» , «Көңілді ринг» ойынның  ережелерімен танысып, белсенді қатысты. «Алтын қақпа» ойында балалар шеңберге тұрып, қолдарын біріктіріп, қолдарын жоғары көтеріп, кіретін және шығатын «қос қақпаны» құрайтын 4 адам таңдалды.Қалған ойыншылар тізбекте тұрып қақпаның астынан ән айтып өтті.  « Қателеспе» ойынында сурет арқылы спорт түрін тауып  атады. «Кім тапқыр», «Сөз мәйегі - ой түйіні»  викториналық сұрақтарға және мақал-мәтел сайысына жарысып белсенді қатысты. Іс шара көңілді, пайдалы өтті. 


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida