2024 жылдың 25 маусымы күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкерлері жазғы оқу залының қызметкерлері орталық қалалық саябағында жазғы оқу залының кезекті іс-шарасын баспасөз беттеріне арнап өткізді.
Баспасөз – халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады.
Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Қала қонақтарының назарларына Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханадағы баспасөз түрлерін ұсынды. Газеттер мен журналдар келуші оқырман қонақтарына тегін таратылды.