№12 балалар кітапханасының филиалы сіздердың назарларыңызға «Қазақтың дастархан дәстүрлері» ақпарат сағатын ұсынады. Бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтатын боламыз. Қазақтың дастарханы халқымыздың пейілі сияқты кең.
Үйіне келген қонақты құтқа балаған дархан мінезі ұсынған асынан-ақ аңғарылып тұрады. Қорасындағы соңғы қойын сойса да, біздің қазақ қазан көтеріп ет асады. Құдайы қонағын да құшақ жая қарсы алып, «бұйырған ас екен» деп барын алдына тосуы тек қазаққа тән қонақжайлылық. Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық қасиеті, өміріндегі ең бірінші, ең басты өсиеті. Қонақты жомарттықпен қарсы алып, құрметті орынға (төрге) отырғызу ежелден қалыптасқан.