2024 жылдың 8 тамыз күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкерлері қазіргі жастардың Абай Құнанбаев және оның кітаптарын оқуға деген көзқарасы қандай екенін білу мақсатында танымдық сауалнама жүргізді.
Шара барысында Абайдың өмірі, шығармашылығы жайында қала тұрғындарымен сауалнама жүргізілу барысында Абайды білмейтін адам кемде-кем десек деген ой қалыптасып, жағымды пікірлер естілді. Абайдың кітаптары адамға рухани кемелденуге, білім-білігіңді арттыруға таптырмас құрал екені хақ.