23 тамызда «Отбасымен оқу» жобасы аясында Шахан кентінің отбасымен оқудың модельді кітапханасында «Мен және менің отбасым» суреттер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: әр адамның өміріндегі отбасының маңыздылығын ашу. Байқауға №12 ЖББМ мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты. Кітапханашы балаларға отбасының әр адам үшін маңызы туралы айтып берді. «Мақал-мәтелдерді еске алайық», «Анам, әкем, мен», «Ертегі отбасылары» викториналары өткізілді.
Содан кейін балаларға отбасын салу ұсынылды. Балалар өздерін, ата-аналарын, әпкелері мен ағаларын, сондай-ақ ата-әжелерін бейнеледі. Жұмыстарында балалар қарындаштарды, акварель бояуларын және фломастер қаламдарды қолданды. Суреттер жарқын, бай, ең бастысы – ата-аналарына, жақындарына деген сүйіспеншілікке толы болды. Үздік шығармалардың авторлары жүлделермен марапатталды. Іс – шара барысында балалар әркім үшін басты құндылық - отбасы деген қорытындыға келді.