5 - қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай №12 балалар кітапхана филиалында «Ата-бабамның тілі өшпесін» атты ақпарат сағаты өтті. Іс шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Күні бойы балалар қазақ тілінің сөздіктерімен, сөйлеу этикетінің нормаларымен танысты, грамматикалық қателерді түзетіп, парақтарда алдын ала дайындалған викториналық сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті. Шара барысында тіл туралы, тіл мәртебесі, тіл заңдылығы жайында баяндамалар оқылды. Кітапханашының әңгімесінен балалар жер бетіндегі тілдердің алуан түрлілігін, ана тілі – халықтың сипаты, оның жады, тарихы, рухани күш-қуаты екенін білді. Сонымен қатар, тіл туралы жазылған ақындардың шығарған өлеңдерін оқыды.
Одан әрі қарай балалар Отан,білім туралы тақпақ және мақал - мәтелдерін айтып, алдарына берілген пазлдарды құрастырып, өз ойларын ортаға салды. Алпысбай Айғаным, Алпысбай Айбар «Біз мектепке барамыз» әнін орындады. Оқу залында көрсетілімде балалар түрлі-түсті энциклопедиялар мен толықтырылған шындықты кітаптармен қызықты «Балдырған», «Айгөлек», «Балалар әлемі», «Алтын сандық» журналдарын тамашалады. Күн қызықты және нәтижелі болды. Орыс тілді оқырмандар қазақша сөйлеуге тырысты, мектепте үйреткеннің бәрін есіне түсірді, сонымен қатар оқу техникасын жақсарту үшін үйлеріне кітаптарды алып кетті.