4 қыркүйекте Шахан кентінің отбасымен оқудың модельді кітапханасында №2 ЖББМ 4 «А» сынып оқушыларына арналған «Отбасы - бастамалардың бастысы» ойын – сабағы өтті. Іс - шара Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін тамаша мереке - Отбасы күніне арналды. Балалар сұрақтарға жауап берді - олар «отбасы» сөзінің мағынасын қалай түсінеді және неге бұл әр адамға өте қажет екенін айтып берді. Кітапханашы балаларға отбасылық дәстүрлер деген не, адамдар оларды неге құрметтейтіні, сақтайтыны, ұрпақтан-ұрпаққа беретіні туралы айтып берді.
Балалар «Еңбек әулеті», «Ата-бабаларына деген мақтаныш», «Отбасылық мерекелер», «Отбасылық альбом жасау», «Бірлескен демалыс өткізу» және тағы басқа дәстүрлер туралы білді. Оқушылар өз отбасыларында бар қызықты дәстүрлермен бөлісті. Кітапханашы «Отбасылық оқу» дәстүріне ерекше назар аударып, балаларға ата-аналары оқыған кітаптарын еске түсіруді ұсынды.
«Ертегі отбасы», «Менің отбасым» викториналары, «Отбасылық дене шынықтыру минуты» ойыны қызықты өтті. «Отбасы деп аталатын Планета» әдебиетіне шолу балалардың қызығушылығын тудырды. Қорытындылай келе, балалар отбасылық дәстүрлер отбасын нығайтуға, оны тату және біртұтас етуге көмектеседі деген қорытындыға келді.