2024 жылдың 20 қыркүйегі күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залы кітапханашылары «Кітап Time-2024» ІІІ Республикалық фестивалі аясында «Әдеби эрудит» квизін өткізді. Зияткерлік шараның барысында қатысушылар әдебиет саласындағы білімдерін тексерді.
Ойын 5 раундтан тұрды: «Классикалық әдебиет», «Қазіргі әдебиет», «Поэзия», «Қазақ әдебиеті», «Әдеби дәйексөздер». Қатысушылар өз білімдері мен әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, сұрақтарға құлшыныспен жауап берді. Жеңімпаздар жүлделермен марапатталды.