27 қыркүйекте №16 кітапхана - филиалының қызметкері Еңбек күніне арналған №11 ЖББМ 9 сынып оқушыларына «Адам еңбегімен даңқты» атты әңгіме өткізді. Жүргізуші балаларға еңбектің қоғам үшін, отбасының әл-ауқаты үшін маңыздылығы туралы айтып берді. Бұдан әрі 2025 жылы ҚР Президенті жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын еске салды.
Балалар К.Д. Ушинскийдің «Два плуга» әңгімесін, «Орел и пустыня» ертегісін тыңдап, еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске алды. Балалардың назарына «Адам еңбегімен даңқты» көрмесі ұсынылды.