3 қазанда № 16 кітапхана - филиалының қызметкері №11 ЖББМ КММ 4 сынып оқушыларына арналған «Библиографиялық портал» кітапхана сабағын өткізді. Кітапханашы балаларды «каталог», «библиографиялық сипаттама» ұғымдарымен таныстырды. Сондай-ақ, ол анықтамалық әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керектігін, кітапхана қорында және электрондық каталог іздеу жүйесінің көмегімен қажетті ақпаратты өз бетінше іздеуді көрсетті және «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «ресурстарымен», «қызметтерімен», «балалар парағымен» қалай жұмыс істеу керегін айтып берді.
Балалар жұмбақтарды қуана-қуана шешіп, білім, сауаттылық, оқу туралы мақал-мәтелдерді есіне алды. Оқушылардың назарына «Бәрін білетін кітаптар» атты анықтамалық әдебиеттерін қарау ұсынылды.