Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Әдеби кинозал «Жазушының мерейтойы - оқырманның мерекесі»


    10 қазанда Шахан кентінің отбасымен оқудың модельді кітапханасы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Бердібек Соқпақбаевпен балалық шаққа саяхат» акциясына қатысты. «Жазушының мерейтойы – оқырманның мерекесі» әдеби кинозалына №2 ЖББМ 5 «А» сынып оқушылары шақырылды.

       

    Кітапханашы акцияның мақсаты мен міндеттері туралы айтып, жазушының шығармашылығына арналған «Бір ел – бір кітап 2024» акциясы туралы ақпарат берді. Балаларды жазушының өмірбаянындағы негізгі фактілермен таныстырды. Жас оқырмандардың көптеген ұрпақтары мойындаған Бердібек Соқпақбаевтың ең танымал әңгімелері мен повестері ұсынылды. Оқушыларға жазушының осы аттас әңгімесінен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмін көру ұсынылды.

    Көргеннен кейін балалар фильм туралы өз эмоцияларымен және әсерлерімен бөлісті, шығарма бойынша сұрақтарға жауап берді. Балаларға фильм өте ұнады, олар әңгімеде сипатталған уақытта халықтың өмірі мен тұрмысы жайлы көптеген қызықты нәрселерді білді. Балаларға туған елінің мәдениеті мен тарихын білу үшін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу тіленді.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida