№12 балалар кітапхана филиалы оқырмандары үшін «Киіз басу техникасының дәстүрлері» шеберлік сабағы өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға киіз басу және киізден бұйымдар жасау көне заманнан келе жатқанын айтты. Киіз басу бойынша киізді сумен басу техникасы негіздерін, кәдесый мен әшекей жасаудың техникасын көрсетті.
Шеберлік сабағында салт-дәстүр, қолөнер, киіз басуды игеру туралы әңгімелер айтылды. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояуларына тоқталды. Балалар өз қолдарымен киізден кілемше дайындап көрді. Олар киіз басудың негізгі кезеңдерін меңгерді, киіз басудың технологиялық ерекшеліктерін сезінде. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар киіз басу техникасы бойынша қызықты сабақ үшін алғыс білдірді.