С. Бақбергеновтің туғанына 105 жылдығына орай №12 балалар кітапхана филиалы сіздердің назарларыңызға «Кеңестік қазақ жазушысы - Сәуірбек Бақбергенов» әдеби танысу ұсынады. Ұлы отан соғысының жауынгері, халық каһарманы С. Бақбергеновтің өмірі мен шығармалары туралы айтатын боламыз. Сұрапыл соғысқа бастан-аяқ қатысып, елге оралғаннан кейін қолына қалам ұстаған С.Бақбергенов шығармашылығын майдандас достарының ерлігін жырлаудан бастайды.
Өйткені, ол атақты И.В.Панфилов атындағы 28-ші гвардияшылар дивизиясында атқыштар взводының командирі, байланысшы офицер болды. Талғат Бигелдинов жайлы очерктері мен Бауыржан Момышұлы туралы құнды шығармалар жазды. С.Бақбергенов «Қарға тамған қан», «Алтын күрек», «Адам және көлеңке», «Кентау», «Мен сізді сүйемін», «Ақ боз атты ару», «Бөрте – Шыңғыс ханның жұбайы» секілді жиырмадан астам роман мен повестердің авторы.
Қаламыздағы кітапханалардағы кітаптар туралы ақпаратты «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтынан біле аласыздар. https://shahtinsklib.kz/kk/childpage_2