Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасының қабырғасында ашылған «Jastar vectory» клубының ашылуына орай талқылау өтті.
Отырыс барысында клубтың девизі айқындалынып, биылғы жылы жаңадан ашылған клуб жөнінде, сонымен бірге мақсаты, міндеттері, атқарылатын жыл бойынғы шараларына толықтай тоқтала отырып, қатысқан клуб мүшелерінің ортаға салар ойы мен алып қосар пікірлеріне назар аударылды.