Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Бабалар үні»


    №12 балалар кітапхана филиалының оқу залында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 8 «Г»-сынып оқушылары үшін «Бабалар үні» атты ауызша журнал өтті. Шара барысында кітапханашы ауызша журнал туралы айтып өтті. Ата-бабамыздан бізге жеткен ұлағатты, тағылымды, ғибратты өсиет сөздерін айтты.

    Ауызша журнал 3 беттен тұрады. Бірінші беті «Күйшілер». Кітапханашы Сағырбайұлы Құрманғазы, Жамбыл Жабайұлы және Дина Нұрпейісовалардың күйлеріне тоқталды. Балалар Сағырбайұлы Құрманғазының «Адай» күйін тыңдады. Экранда Дина Нұрпейісованың орындауындағы «Балбырауын» күйі,  Жамбыл Жабайұлының өзі жырлаған жыры көрсетілді.

    Журналдың келесі беті – "Ағартушылар". Балалар Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірбаянымен танысты. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, мағынасы түсіндірілді. Ы. Алтынсаринның «Кел балалар оқылық» өлеңі оқылды.

    3 беті «Ғалымдар». Кітапханашы ғалымдар Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров, Ғарифолла Есімов, Рақымжан Елешевтің еңбектерімен таныстырды. Балалар өздері білетін ғалымдарды айтып, ғалымдардың зерттеу жұмыстарының мәнін түсінді. Шара соңында кітапқа шолу жасады.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida