2025 жылдың 13 ақпаны күні Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залы кітапханашысы Долинка елді мекенінде орналасқан 6505 Әскери бөлімінің сарбаздарымен 14 ақпан Халықаралық кітап шығару күні аясында «Кітапханадан махаббатпен» акциясын өткізді.
Аталмыш шарада акцияның мақсаты мен міндеті, сонымен қатар тойлану тарихына тереңірек тоқталып, сарбаздарға кітапхана атынан мерзімді басылымдар мен кітаптар сыйға тартылды.