20 ақпанда № 16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ 1 сынып оқушылары үшін "Балаларға соғыс туралы" + "Жеңіс күніне арналған ашық хат" мастер - класс өткізді. Балаларға Жеңістің 80 жылдығы, "соғыс балалары" туралы айтылды. Соғыс жылдарындағы қиыншылықтар, апаттар және қайғы-қасіреттің ауыртпалығы сол нәзік иықтар көтерген.
Дауыстап оқу үшін Лев Кассилдің "Отметки Риммы Лебедевой" шығармасы таңдалды. "Соғыс туралы оқимыз" тақырыптық сөресі ұсынылды. Іс-шара соңында "Жеңіс күніне арналған ашық хат" мастер-класс өткізілді.