Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Бірліктегі поэзия мен проза» оқырмандармен конференция + шолу


    Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру мақсатында Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залы қызметкері Долинка елді мекенінде орналасқан 6505 Әскери бөлімі сарбаздарымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқырмандармен конференциясын өткізді.

       

     

    Шарада «Бір ел – бір кітап» жобасы аясындағы 2025 жылы проза жанры бойынша көпшілік дауыспен ұлтымыздың көрнекті жазушысы, шоқтығы биік жазушы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары және поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, Гимннің авторы, ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін  Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалынған болатын, шара барысында осы аталған тұлғалар жайлы, шығармашылығы жайында мағлұмат берілді.

         

    «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы іс-шарада оқушыларға осы екі талантты автордың шығармаларынан шолу ұйымдастыылып, ақын-жазушылардың әлеміне енуге мүмкіндік береді.  Енді жыл бойы ел болып оқуға таңдалған екі автордың шығармалары көпшілік кітапханаларда түрлі форматтарда жан-жақты насихатталатыны жайында толық түсінуге қызығушылық таныту үшін шағын күнтізбелер таратылып, бейнематериал көргенде мүмкіндік береді.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida