«Әлемге мейірімділік көзімен қара» коучингі. 1 наурызда №16 кітапхана - филиалының қызметкері КМҚК «Орион» би ұжымының қатысушыларына Қазақстан халқына алғыс айту күніне арналған «Әлемге мейірімділік көзімен қара» коучингін өткізді.
Жүргізуші Алғыс айту күні ортақ тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, өзара қолдаудың арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтар туралы есте сақтау мақсатында енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, «Алғыс» ұғымына анықтама беріліп, тапсырмаларды орындау ұсынылды: «Сыпайы сөздер» жұмбақтары; «Сыпайы – әдепсіз»; «Жеті гүлді гүл»; «Керісінше айтылған Ертегі»; «Достық күлімсіреуден басталады»; «Жақсы-жаман»; «Сөйлемді аяқтаңыз».