18 наурыз күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залы кітапханашысы Сыбайлас жемқорлық тақырыбында мектеп оқушыларымен әңгімелесуін өткізді. Аталмыш шара кітапханадағы кітап көрмесін түсіндіруден бастау алып, әрмен қарай тақырыпқа сәйкес бейнематериалдармен жалғасын тауып, жасөспірімдедің белсенді қатысуымен сұрақ-жауап, пікір алмасумен орын алды.
Кітапханада тыңдаушылар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру саясатына тоқталып өтілді. Кітапхана ұжымы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен алдын алу шараларын өткізу бойынша мақсатты жұмыс жасайдыны ескеріліп өтті. Шара соңында қатысқан барша оқушыларға Сыбайлас жемқорлық жөнінде үнпарақтар үлестірілді.