19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында орталық кітапхананың оқу залында музыкалық мектеп және Шахтинск технологиялық колледжінің студенттерінің қатысуымен мерекелік бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында келген қонақтарға шашу шашылып, бата беріліп, мереке тарихы түсіндіріліп, ән айтылып, жұмбақ жасырылып, ұлттық ойындар ойнатылып, дәмнен ауыз тигізілді.
Наурыз, керемет мезгіл – көктем туралы өлеңдер, табиғат құбылыстарын жасырған наурыз жұмбақтар, дәстүрлі «Асық» пен «Қол күрестіру», «Тоғызқұмалақ» ойындарына тоқталып, қатысушыларды байырғы қазақ даласына сапар шеккендей әсерде қалдырды. Наурыз мейрамын көнеден ата-бабамыздың дәстүрі бойынша қалай атап өткендігі жайында көптеген мәлімет беріліп, Наурыздың қазіргі таңда қалай атап өтіліп жүргендігін естеріне түсірді.
Мерекелік кеш жүргізушілердің құттықтау, музыкалық мектеп ұжымынан Архипова Василинаның орындауында «Туған жерім», Эргаликызы Алтынайдың орындауында «Лапылда» әндері, Танатова Аяулымның орындауында «Домбыра», Кайратов Ануардың орындауында «Нар ағашы» күйлері шертіліп, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты. Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Начало», «Праздник Наурыз», «Наурыз коже», «Асык», «Ұлттық ойындар», «Наурыз – Роза Рымбаева».