Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    "Кітап теңізі жайылды"


    Балалар кітапханасындағы жаңа кітаптар әрқашан мереке, ал балалардың жаңа кітаптармен кездесуі екі есе мереке!  28 наурызда Шахан кентіндегі отбасымен оқудың модельді кітапханасы Балалар кітабы апталығы аясында "Кітап теңізі жайылды" атты Ақпарат күнін өткізді, онда жоғары сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қабылданды.  Күні бойы кітапханашылар оларды балалар әдебиетінің жаңалықтарымен таныстырды. "Кітап елінің жаңа тұрғындары = Новые жители книжной страны" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

        

    Оқу залында жаңалықтардың медиа-шолулары бар бейнероликтер көрсетілді. Балалардың назарына «Кітап патшылығының байлығын ашамыз = Открываем богатства книжного царства», «Жаңа кітаптар - жаңа кездесулер = Новые книги – новые встречи» атты түрлі-түсті әдебиеттер көрмесі дайындалды. Бұл күннің ойын-сауық бөлігі "Әдеби калейдоскоп" ойынын, сондай-ақ "Кітаптар туралы мақал-мәтелдер құрастыру", "Батырды тап" байқауларын өткізу болды. Барлық оқырмандар тақырыптық әдебиеттер тізімі бар жадынамалар алды.

        

    Оқушыларды "Шахтинск ОКЖ" КММ сайтымен, оның қызметтерімен және бөлімдерімен таныстырды. Балалар үшін "Сайттағы жаңалықтар туралы қалай білуге болады" консультациялары өткізілді. Күні бойы ақпарат күніне қатысушылар жаңа әдебиеттермен танысты, олардың көпшілігі оқу үшін өздеріне ұнайтын кітаптарды алды, ал кітапханаға әлі жазылмағандар оның оқырмандары болды.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida