Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Автор. Кітап. Оқырман» (Жүкенов Төлеужан Камкенұлымен) жазушымен кездесу


    23 сәуір күні «Ұлттық кітап күні» аясында «Кітап шоу» бағдарламасы бойынша Шахтинск орталық қалалық кітапханасының оқу залы кітапханашысы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушыларына Шахтинск қаласының тұрғыны, зейнеткер жазушы Жүкенов Төлеужан Камкенұлымен келелі  кездесу өтті.

    Кездесуге мектеп оқушылары, кітап оқырмандары мен ұстаздары қатысты. Кеш барысында қазақ тілі мен әдебиеті мамандары мен қонақ арасында емін-еркін сыр-сұхбат жүргізілді.

      

        

    Шарада жазушының өмірбаяны, қаламгердің мектептегі қызықты сәттерінен  сыр шертіп, оның ең алғашқы шығармасы талқыланды, өмірде қалам алып жазуына бағыт-бағдар бергенін қызықты етіп әңгімелеп берді.  Сондай-ақ балаң шақта жазған шығармаларын  әлі күнге дейін сақтап,  жинақтап  жүргенін  көпшілікке  жария етті.

         

    Кездесу барысында көзіқарақты қатысушы оқырмандар жазушы шығармаларынан үзінді тыңдап, қаламгер ағаларына  өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сәтті мүмкіндікті ұтымды пайдаланып қалуға тырысты, сонымен қатар тілектерін айтып, оқырмандық ықыластарын білдірді.

    Жазушымен кездесуге жергілікті қаламгерлерді көріп, сұхбаттасып қалуға  қазақ тілі әдебиет пәнінің ұстаздары қызығушылық танытып, жазушы шығармашылығынан, оның істеп жатқан қызметтерінен сыр шертіп,  көрермендер тарапынан қойылған  сан  түрлі сұрақтарға мазмұнды жауаптар берді, сазгерлік жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

    Жазушыларының шығармашылығы, ана тіліміздің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі, өзара байланысы жайлы да сөз кеңінен қозғалды. Кездесу соңында сырлы сөз иесіне кітапхана ұжымы және оқырмандар атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

    Кеш соңында жазушы жаңадан шыққан қос кітабын кітапханаға сыйға тартты. 


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida