Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу» наркологпен кездесу және есірткі қылмыстарына қарсы уәкілдерімен


    «Жастар vectory» клубының кезекті отырысында Шахтинск полиция бөлімі есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының аға дедел уәкілі, полиция майоры Сандибеков Мерей Сандибекович және Шахтинск полиция бөлімі есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының аға дедел уәкілі, полиция капитаны Оразханов Берик Сериковичпен кездесу өтті.

    Мамандар мен оқушылар арасындағы кездесу келешекте жастарымызға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретіндей түсіндіре білді.

    Клубтың жоспарына сәйкес, оқушылармен есірткі мен ішімдіктің зияны, зиянды әдеттерден  бас тарту және салауатты өмір салтын ұстану туралы әңгімелесті. Ол денсаулықтың маңыздылығын және өз денсаулығына қатысты жауапты шешімдер қабылдау қажеттігі тақырыбында жасөспірімдерге баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді және мамандар клуб мүшелеріне зиянды әрекеттерге қарсы суреттер бейнеленген кепка, футболка және брошюралар таратылды.

    Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, пікірталас жасалынды.

    Жасөспірімдер арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар, сондай-ақ нашақорлық пен алкогольді тұтынудың денсаулыққа тигізетін салдары туралы кеңінен әңгімеледі. Кездесу барлық қатысушылар үшін пайдалы және мазмұнды болды.

    Кездесу соңында клуб мүшелерінің еркін сұрақтарына жауап берді. Кездесуде есірткі, психотроптық, сол тектес заттарды заңсыз өткізіп, дайындағаны, тасымалдағаны, сондай-ақ, сақтағаны үшін абақтыда жазасын өтеп жүрген өрімдей жастар туралы, жасөспірімдердің есірткі бизнесіне тартылуы, синтетикалық есірткіні қолданудағы қылмыс туралы  айта кетті.  

    Осы тақырыпқа байланысты әңгімеде елімізде  қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп жатқандығы және жастардың зиянды әрекеттерге берілуі ешкімге құпия еместігін айтып, осының салдарынан жастар арасында адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алудың басты себебі болып табылатынын тілге тиек етті. Адамдар арасындағы  адасудың үлкен жолы зиян әдеттерді қолдану болып табылатындығын айтып өтті, оқушыларға өз білгенімен жүрмей, барлық әрекетін ой елегінен өткізіп, өз өмірі мен тағдырына жауапты болуға шақырды.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida