Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыптық кездесу


    26 сәуірде Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханасының қызметкері 6505 әскери бөлімінің сарбаздарымен «Абай дана, Абай дара қазақта» атты тақырыптық кездесуін өткізді. Іс-шара қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды. Кездесу барысында кітапханашы Абайдың өмір жолы, оның шығармашылық мұрасы және шығармаларының қазақ мәдениеті үшін маңызы туралы айтып берді.

    Сарбаздар оның өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Олар сондай-ақ Абайдың музыкалық мұрасынан «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап, «Қара сөздерінен» үзінділер оқыды. Сонымен қатар, қатысушылар лототрон көмегімен ұйымдастырылған қызықты сауалнамаға қатысты.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida