29 сәуір күні Шахтинск қалалық орталық кітапханасының оқу залы кітапханашылары Долинка кентінде орналасқан 6505 Әскери бөлімінің сарбаздарымен екі тілде Қазақстан Халқының Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашылар мерекенің көп ұлтты және ортақ салты мен тарихын кеңінен баяндап, сонымен қатар, мерекенің тақырыбына сәйкес кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «1 мамыр», «Әр түрлі ұлт өкілдерінің тарихи әңгімелері», «Қазақта бірлік болмай - тірлік болмас».