8 мамыр күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасың оқу залының кітапханашысы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Ә.Бөкейханов атындағы мектеп лицейінің 9-сынып оқушыларымен байқау өткізді.
Аталмыш іс-шарада кітапханашы оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқау 5 кезеңнен тұрды: 1. «Таныстыру»; 2. «Қол тірес»;
3. «Талапты ерге нұр жауар»; 4. «Салт - дәстүр»; 5. «Мақал – мәтелдің жалғасын тап».
Мерекелік патриоттық байқауға Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары белсене қатысып 1 Мейраш Жанасыл, 2 орынды Нұрлан Мейірлан , 3 орынды Сейітқазы Алихан жеңіп алып, жеңімпаздар марапаттау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, келген жанкүйерлерден «Алға қазақ жігіттері» әнін қосыла шырқап, қатысысушылар үлкен қолдауға ие болды.