21 мамыр күні «Қызығушылық танытқандар үшін виртуалды көкжиектер» үйірмесінің кезекті отырысында үйірме жетекшісі VR контент жүргізу бойынша практикалық сабағын өткізді.
Шара барысында үйірме жетекшісі балалармен AR және Gamma бағдарламаларымен жұмыс жасауға бағыт-бағдар көрсетіп, таныстырды, одан соң олар өз беттерімен жұмыс жасай білді. Практикалық тапсырмалалардан соң VR көзілдірігіндегі жаңадан жүктелген ойындарды қызыға ойнады. Шараның барлық қатысушылары виртуалды ойыннан ләззат алып, көңіл көтерді.