21 мамыр күні «Жастар vectory» клубының мүшелері Шахтинск қаласы өрт сөндіру бөліміне экскурсиямен барып, қазіргі таңда мамандық таңдау алдында жүрген оқушылар өрт сөндіру қызметкерлерімен жасөспірімдер арасында қызығушылық пен сұранысқа ие мамандыққа таныстыру мақсатында өткізді.
Аталмыш іс-шарада өрт сөндіру қызметкері осы кездегі келеңсіз оқиғалар мен сол жолдағы қызмет атқарып жүрген қайраткерлеріне назарларын аудара отырып, мамандықты алдын алу таңдауға шақыру мақсатында ақпаратқа толы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, іс-шара барысында жұмыс барысымен бастарынан өткен жағдайларды түсіндіріп, оқушылар кез келген мамандыққа байланысты өздерінің сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Қызметкер тұшымды әрі нақты сөзімен, көзі көрген оқиғалармен айтылған, атқарылған шаралар мен бағытталған жолдар, сонымен қатар қоғамда орын алып жайылып бара жатқан өрт қауіпсіздігі жайында жайлы, түсінікті, оқиғалармен толықтырылған әңгімелесумен аяқталды.