Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Көне заттар» ретро-саяхат


    №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында «Көне заттар» атты ретро-саяхат форматындағы танымдық іс-шара өтті. Шараға С. Асфендияров атындағы білім беру мектебінің «Балдаурен» жазғы лагері қатысып, оқушылар ХХ ғасырдағы тұрмыстық техникамен танысты. Кітапханашы балаларды көне телефон, самауыр, кассета, фотоаппарат және басқа да ескі заттармен таныстырып, олардың шығу тарихына тоқталды. Арнайы ұйымдастырылған «Көне заттар көрмесінде» әр затқа қатысты қызықты мәліметтер ұсынылып, интерактивті сұрақ-жауап түрінде таныстырылым жүргізілді.

       

    Іс-шара барысында «Көне зат – қазіргі дос» атты ойын ойнатылып, оқушылар көне бұйымдардың заманауи нұсқаларын табуға тырысты. Қорытынды бөлімде өткен «Қай зат туралы?» атты викторинада балалар белсенділік танытып, білімдерін сынға салды. Іс-шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық-мәдени мұраны құрметтеуге, бағалауға тәрбиеледі. Сонымен қатар, балалар өз әсерлерімен бөлісіп, көне заттар туралы ой-толғауларын ортаға салды. Іс-шара соңында балалар кітапхана қорындағы қызықты кітаптарды қарап, оларды парақтап оқып, өздеріне ұнаған басылымдармен танысты.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida