Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 20 Июля 2022 12:18, Просмотров (2690), Печать

    Бұхар жырау атындағы Қалалық орталық кітапхананың автоматизация және ақпараттық технология бөлімінің  қазіргі қолданыстағысы 2003 жылы кітапханалық үдірістерді автоматтандырудан басталады. Барлық көрсетілген міндеттер спектінен, осы бағыттағы жұмыстар техникалық мәселелерден басталып, сәтті орындалғандары оқырмандардың кітапхана қорына ыңғайлы қолжеткізуге және кітапханалық технологияның жауапты талаптарына сай ең жоғары деңгейде автоматтандырудың жабдықтау жүйесін құруға мүмкіндік берді.

    Жүйе ұйтқысына (ядро) бөлімшелерде орналасқан, жұмыс станцияларымен локальдық торапқа біріктірілген, оқырмандарды электрондық каталогқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін және библиографиялық деректерді енгізуді жүзеге асыратын Сервер жатады.

    2013 жылғы наурыздан бастап «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ  «Кітапхана аралық бірлескен компьютерлік торап» құрылды. 

     

    БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ

     

    • «Электронды мемлекеттік кітапханалық қор» ҚРҒК жобасына қатысу;
    • Жаңа ақпараттық технологияны енгізу негізінде кітапханада ұсынылатын мобильдік қызметтерді жетілдіру;
    •  «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапхана аралық корпоративтік тораптарында кітапханалар жүйесі жұмыстарын жетілдіру;
    •  Барлық құрылымдық бөлімшелердің тораптық жұмыстарын үйлестіру, оңтайландыру;
    • ЭБД қалыптастыру: корпоративтік, алыстағы, жекеменшік.
    • Оқырман-балалар үшін ЭБД қалыптастыру;
    • Тегін интернет-ресурстарын пайдаланып е-кітап қорын қалыптастыру;
    • Кітапханалар жұмысында мобильді технологияны пайдалану;
    •  «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында электронды каталогтарды насихаттау;
    • Сайтқа ауыстыру үшін электронды каталогтарды техникалық әзірлеу /интернеттен және т.б. толық мәтінді электрондық кітаптарды және құжаттарды көшіргілеп тіркеу/;
    • Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып, әртүрлі санаттағы оқырмандар тобына арналған ақпараттық кеңістікті кеңейту (алыстағы база деректерін, Интернентті белсенді пайдалану);
    • Кітапханалық-ақпараттық үдірістерді автоматтандыру негізінде кітапханалық қызметтердің сапасын арттыру.
    • Мемлекеттік тілде сайтты тұғырнамалау жұмысы, контентті қазақ тілінде қалыптастыру,  INTERNET жағдайында «Шахтинск ОКЖ» КММ Web-сайтын қозғалту және құрылымдарды дамыту, дизайн, техникалық қолдау;
    • Сервер жұмыстарын қамтамасыз ету: басқару, тексеру, ЭБД резервтік көшіргілеу, тораптық ресурстар;
    • Кітапханалардың бірыңғай автоматтандырылған тораптарын әрі қарай дамыту және ұстау;

     

    БӨЛІМ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

    Бағдарламалық кешендер мен әрекеттегі ақпараттық жүйені қоса алып жүру, жаңарту, жаңаны енгізу және әзірлеу; серверлік жабдықтар, локальды есептеуіш торабын әкімшілік ету; тораптық жабдықтар, есептеуіш техника құралдарын алдын ала жөндеу; бағдарламалық кешендерді және ақпараттық жүйені, есептеуіш техника құралдарын пайдалану бойынша қызметкерлерге кеңес беру; Интернет торабында кітапхананың жеке ақпараттық ресурстарын құру; «Шахтинск ОКЖ» КММ құрылымдық бөлімшелерінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату.

     

     ШТАТ

     А және АТБ штатында -  3 адам

     

     ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

    Күнделікті: с 1000 до 1800

    Демалыс күні: дүйсенбі

     

    ҚОСЫМША АҚПАРАТ

     Автоматизация және ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі:

    Михеева Галина Владимировна

    E-mail: oit06@rambler.ru

    Skype қоңырауы: oit06@rambler.ru

    Ұялы телефоннан қоңырау шалу: 8 (72156) 5 41 73 


     

     

    Қайта оралу

     

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida