Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 27 Февраля 2024 09:45, Просмотров (3937), Печать

    Құжаттар мен каталогтарды жинақтап өңдеу бөлімі және қорларды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі бірігуіне байланысты құжаттарды жинақтау және цифрлау бөлімі (ҚЖжәнеЦБ) ұйымдастырылып өз қызметін 2022 жылы бастады. Құжаттарды жинақтау және цифрлау бөлімі (ҚЖжәнеЦБ) «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ Орталық қалалық кітапхананың мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі болып табылады және «Шахтинск ОКЖ» КММ директорының тікелей басшылығымен жұмыс істеп оған бағынады. Бөлім жұмыстың дербес учаскесін басқарып және құжаттарды цифрландыру бойынша құжаттар мен каталогтардың қорын жинақтап және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша барлық негізгі функцияларды орындайды.

    ҚЖжәнеЦБ 300-ден астам кітап қоры бар сирек және құнды кітаптар қоры бөлінген. Сонымен қатар бөлімде өткен жылдардағы газеттер сақталған, бұл біз үшін құнды жергілікті «Шахтерский маяк» және «Шахтинский вестник» газеті. Бұл құжаттарды біртіндеп цифрлау және электрондық каталогқа байланыстыру жүргізілуде. Цифрланған басылымдар біздің пайдаланушылар үшін «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында еркін қолжетімді (https://shahtinsklib.kz/ru/)

    01.01.2024 жылға «Шахтинск ОКЖ» КММ қоры 247964дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 53789дана, басқа тілдерде – 3827дана. ОКЖ кітапханаларының қорлары жыл сайын жаңа басылымдармен және атаулармен қазақ және орыс тілдерінде толықтырылады.

    Жинақтаудағы басым бағыт - Қарағанды облысының (жергілікті) аумағынан шыққан басылымдарды және өлкетану құжаттарын, сондай-ақ пайдаланушылар мен оқырмандар талап еткен және сұраған туындыларды сатып алу.

     

    БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

    Қала мен кенттердің әлеуметтік - экономикалық бейінін, «Шахтинск ОКЖ» КММ миссиясын орындауға жәрдемдесу, оның стратегиялық дамуы, жобалау қызметі мақсатында пайдаланушылардың мүдделері мен сұраныстарын ескере отырып, «Шахтинск ОКЖ» КММ құжаттарының әмбебап қорын қалыптастыру.

     

    ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

    • «Шахтинск ОКЖ» КММ құжаттар қорын кітапханалық-ақпараттық ресурстармен жоспарлы, жедел, бейінді, мақсатты және жүйелі толықтыруды және қосымша толықтауды жүзеге асыру.
    • Құжаттар қорын электрондық құжаттармен жинақтау, өлкетану, Мәдени мұра және басқа да бағыттар бойынша цифрлық деректер базасын құру; цифрлық көшірмелер нысанында да, электрондық шығу тегі құжаттары нысанында да көрсетілген электрондық мұраны кумуляциялау, ашу, сақтау және пайдаланушыларға беру.
    • Кітапхана ресурстарын талдау және олардың дамуын болжау, құжаттар қорын қалыптастырудың жаңа тәсілдерін іздеу; жыл сайынғы құжаттар қорын толықтыруды, қаражатты пайдалануды талдау, ОКЖ құжаттар қорын пайдалану тиімділігін талдау.
    • Қазақ халқының мәдени мұрасын ашатын мемлекеттік, орыс және басқа тілдердегі басылымдарды, мемлекеттік тілдегі әлемдік мәдени мұрамен таныстыратын басылымдарды және мемлекеттік, орыс және шет тілдерін тереңдетіп оқыту арқылы қазіргі көптілді білім беруге ықпал ететін басылымдарды анықтау мақсатында кітап нарығындағы құжаттар қорын зерделеу.
    • Барлық пайдаланушы топтарының сұраныстарын қанағаттандыру үшін құжаттарды электронды жеткізу арқылы «Шахтинск ОКЖ» КММ бірыңғай кітапхана қорымен қамтамасыз ету.
    • «Шахтинск ОКЖ» КММ каталогтарын жетілдіру, каталогтарда ақпарат көздерін толық және жедел көрсету, «Шахтинск ОКЖ» КММ каталогтар мен ЭБМ туралы ережелерді» орындау.
    • ОКЖ құрылымдық бөлімшелеріне каталогтармен жұмыс және жинақтау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету, ОКЖ біліктілігін арттыру жүйесіне қатысу.

     

    ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ

    ҚЖжәнеЦБ 2019 жылы басталған «Электрондық контентті қалыптастыру - кітапхана қорын толықтыру бағыттарының бірі» жобасы бойынша және «Шахтинск ОКЖ» КММ ақпараттық-кітапхана қорын аудару» бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастыруда.

     

    КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ

    • Қалалық бюджет
    • Мемлекеттік тапсырыс
    • Сыйға алынған кітаптар

     

    ДӘСТҮРЛІ КАТАЛОГТАР

    • ОКЖ есептік каталогы
    • Орталық алфавиттік каталог

     

    ЭЛЕКТРОНДЫҚ КАТАЛОГТАР

    • «Кітаптар» электронды каталогы
    • «Кәсіби» электронды каталог
    • «Балалар» электронды каталогы
    • «Мерзімді басылымдар» электронды каталогы
    • «CD / DVD» электронды каталогы
    • «Е-каталог» электронды каталогы
    • «Сандық форматтағы Карлаг» электронды каталогы
    • «Жергілікті баспасөз мұрағаты» электронды каталогы
    • «Өлкетану» электронды каталогы
    • «Мақалалар» электронды каталогы

     

    ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

     

    Күн сайын: сағат 10:00-ден бастап 18:00-ге дейін

    Демалыс күні: дүйсенбі

     

    БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

     

    Басшының міндетін атқарушы Құжаттарды жинақтау және цифрландыру бөлімінің меңгерушісі:

    Салимова Ольга Валериевна

    телефоны: 8(72156)5-69-35

    E-mail:eddbibliotecashakhtins@mail.ru

     

     

    Қайта оралу

     

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida