"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Последнее обновление: 18 Июля 2019 16:18, Просмотров (940), Печать

    Каталогтар мен құжаттарды іріктеу, жабдықтау бөлімі (К мен ҚІЖБ) «Шахтинск ОКЖ» КММ каталогтар мен құжаттар қорының  жұмыстарын қалыптастырады және мекеме бойынша барлық негізгі міндеттерді орындайды,  жұмыстың дербес бөлігін басшылыққа алады. 
    01.01.2016 жылы «Шахтинск ОКЖ» КММ жалпы қоры 296996 бірлікті сақтайды, с.і. мемлекеттік тілдегісі- 40154 дана, басқа тілдердегісі 5085 дананы құрайды. 

    Жабдықтаудың басым бағыттары- Қарағанды облысы (жергілікті) аумағынан шыққан басылымдарды және өлкетану құжаттарын сатып алу.   

     

    БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

     

    «Шахтинск ОКЖ» КММ пайдаланушыларының сұраныстары мен қызығушылықтарын, оның қызметтік жобадағы стратегиялық дамуын, міндеттерінің орындалуына көмектесу мақсатында, қалалар мен кенттердің әлеуметтік-экономикалық тұрғысы есебінен «Шахтинск ОКЖ» КММ әмбебап құжаттар қорын қалыптастырады.

     

    ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

     

    •  «Шахтинск ОКЖ» КММ құжаттар қорын кітапханалық-ақпараттық ресурстармен жоспарлы, жедел, профилді, мақсатты жүйелі жабдықтауды және толықтыруды жүзеге асыру.
    • Құжаттар қорын электрондық құжаттармен жабдықтау, мәдени мұра, өлкетану және  басқа да бағыттар бойынша санды база деректерін құру, электронды құжаттар қорын қалыптастыру;  санды көшіргі түрінде көрсетілген, сондай-ақ электронды түрде пайда болған құжаттарды, электронды мұраны пайдаланушыларға беру, сақтау, ашу және кумуляциялау.
    • Құжаттардың өлкетану қорын қалыптастыру; «Шахтинск ОКЖ» КММ мүмкіндіктері мен мәселелерін зерттеуге- ҚРҒК «Электрондық мемлекеттік кітапханалық қоры» жобасына қатысу;
    • Құжаттар қорын қалыптастыруға жаңа тәсілдер іздеу, кітапханалар ресурстарының сараптамасын және олардың дамуын бағдарлау; ОКЖ құжаттар қорын пайдаланудың тиімді сараптамасы, қаражатты пайдаланып, құжаттар қорын жабдықтаудың жыл сайынғы сараптамасы;  
    • Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін терең үйрену арқылы заманауи көп тілді білімге себепші болған басылымдардың және мемлекеттік тілдегі әлемдік мәдени мұрамен таныстыратын басылымдардың, қазақ халқының мәдени мұрасын көрсететін, мемлекеттік, орыс және т.б. тілдердегі басылымдардың пайда болуы мақсатында кітап нарығындағы құжаттар қорын білу;
    •  «Шахтинск ОКЖ» КММ ЭБД және картотекалар, каталогтар туралы ережелерін» орындау, картотекалар мен каталогтардағы ақпарат көздерін жедел және толық көрсету, «Шахтинск ОКЖ» КММ каталогтарын жетілдіру;
    • ОКЖ біліктілігін арттыру жүйесіне қатысу, каталогтармен жұмыс және жабдықтау мәселелері бойынша ОКЖ құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмектесу.

     

                ШТАТ         

              

                 К мен ҚІЖБ штатында – 2,5 төлемақы

     

     

    КІТАПТАР ҚОРЫН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ

    • Қалалық бюджет
    • Мемлекеттік тапсырыс
    • Сыйлыққа берілген кітап

    ДӘСТҮРЛІ КАТАЛОГТАР

    • ОКЖ есепке алу каталогы;
    • Орталық әліпбилік калалог
    • ЦСК «Барлық әлем»
    • ЦСК «Қазақстан»
    •  «Сирек кітаптар» каталогы

              ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГТАР

    •  «Кітаптар» электронды каталогы
    •  «Кәсіби» электронды каталогы
    •  «Балалар каталогы» электронды каталогы
    •  «Мерзімді басылымдар» электронды каталогы
    •  «CD» электронды каталогы
    •  «Е-кітап» электронды каталогы

     

    ЖҰМЫС КЕСТЕСІ



    Күн сайын:  10.00 -ден 18.00-ге дейін

    Демалыс күні: дүйсенбі 

     

    ҚОСЫМША АҚПАРАТ

    Каталогтар мен құжаттарды жабдықтау, іріктеу бөлімінің меңгерушісі

    Евсикова Елена Викторовна

    телефон: 8(72156)5-69-35
    E-mail:ookodiklib@rambler.ru

     

     

    Қайта оралу

     

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida