"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Последнее обновление: 18 Июля 2019 16:18, Просмотров (1246), Печать

    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі – бұл кітапхананың негізі. Пайдаланушылардың кітапханаға қарым-қатынасы тікелей қызмет көрсету бөліміндегі жұмыс істейтіндердің кәсібилігіне, адамдарға деген ашық, жайдары қарым-қатынасына,  неғұрлым біліктілігіне қатысты.

     

    Қызметтің басым көпшілігіне әлеуметтік құрам жатады. Бөлім әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтармен үнемі жұмыс істейді. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі келесі қоғамдық орындармен жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады: қала, әкімдігі, ішкі саясат бөлімі, аймақтық жастар орталығы, БЖО, Шахтинск технологиялық колледжі, Шахтинск тау-кен колледжі, Қалалық білім беру бөлімі, аймақтық жалпы білім беретін мектептер, «Шахтинский вестник» газетінің редакциясы, қалалық орталық аурухана, мектепке дейінгі балалар мекемелері. 

     

    ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

     

    • Азаматтардың талабы мен қызығушылығы тұрғысында кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру;
    • Азаматтардың мәдениетке, білімге, ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
    • Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде кітапханалық қызметті ұйымдастыру;
    • Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

     

    ТАПСЫРМАЛАР

     

    • Халықтың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мен ақпараттық қызмет түрлерін кеңейту, пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру; 
    • Пайдаланушылардың талабы мен қызығушылығы тұрғысында құжаттар қоры құрамын сапалы жақсарту;
    • Кітапханаларды пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолдарын арттырумен қаланың мәдени өміріндегі кітапханалардың рөлі мен мәртебесін арттыру;
    • Пайдаланушыларды тасымалдаудың барлық түріндегі ақпараттарға қолжеткізу үшін, мейлінше ыңғайлы жағдай жасау және оларды ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету.   

     

    Абонемент сіз бұл жерден үйге 15 күн мерзімге кітап алуыңызға болады.  Абонемент  қоры әмбебап, 47358 дана кітап басылымдарын құрайды. Онда қоғамдық-саяси, табиғи-ғылыми, техникалық әдебиеттер, спорт пен денешынықтыру бойынша кітаптар, ал сондай-ақ әдебиеттану, өнер, көркем әдебиеттердің үлкен таңдалымдары бар. Мысалы: отандық және шет елдік классикалар, тарихи романдар, фантастикалық және т.б.

      Жеке және көпшілік пайдаланушыларға  қызмет көрсету.

    • Қорды әдебиеттердің көрмелері, соның ішінде виртуальдық арқылы тақырыптық ашу. 
    • Пайдаланушылардың электронды поштасын пайдалану мен SMS тарату арқылы жаңа әдебиеттер туралы жеке ақпараттандыру. Пайдаланушыларға сақтау бөлімі қорының басылымдарынан, кітапханалық қызмет көрсету.
    • on-linе кітап создыру.
    • Кітапханалардың ақпараттарына алыстан қолжеткізу.
    • Мобильді кітапхана  600 кітапқа таяу (келесі түрде ұсынылған: ТХТ, DOC PDF, FB2..): ертегілер, повесттер, романдар,
    •  «Кітаптар», «Мақалалар», «Кәсіби»,  «Оқырмандар», «Өлкетану» электронды каталогтары

     

    Оқу залы – қоры барлық оқырмандарға қолжетімді 17422 дана оқуда, шығармашылықта, кәсіби мақсатта және бос уақытта керектенетін кітап басылымдарын құрайды.  Оқырмандар үшін анықтама әдебиеттердің, ал сондай-ақ басылымдардың, өз мазмұны бойынша әмбебап, үлкен таңдалымы ұсынылған. Мерзімді басылымдардың үлкен таңдалымы.

    Сондай-ақ Бұқар жырау атындағы Қалалық орталық кітапхананың оқу залы базасында серіктестіктермен іскерлік жөнінде кездесу, семинарлар мен іс-шаралар өткізу үшін жабдықталған тегін үй-жайлар, немесе оңаша отырып жұмыс істейтін тыныш орындар бар.

    Тапсырыс берушілермен кездесу немесе келіссөздер жасау үшін кафеге бизнестік серіктестер апарудың қажеті жоқ. Енді сіз тек қана бізге келсеңіз болды! Алдын-ала келесі телефондар бойынша хабарлама қалдырасыз: 5-40-58, немесе мына мекен-жай бойынша жазасыз otdelobsluzhivaniya@list.ru.

    Оқу залында Интернет тораптарын пайдаланушылармен жұмыс істеуге арналған 4 компьютер, 60 отыратын орын бар.

     

    Тұсаукесерлік жабдықтар: проектор, экран, Wi-Fi қолданатын телевизор, ноутбук, жазбаларға арналған қабырға.   

    Жұмыс аумағында: компьютерлер, принтерлер, сканер, интернет, скайп, Wi — Fi.

    Демалыс аумағында жайлы, жұмысақ жиhаздар орналасқан. 

     

    • ОКЖ бірыңғай кітап қорын насихаттауды жүзеге асыру, ЭБД пайдаланушылардың сұраныстарын орындау.
    • Оқырмандардың сұраныстарын мейлінше қанағаттандыру үшін «Шахтинск ОКЖ» КММ бірыңғай қорын пайдалану.
    • Медиатека база деректерін қалыптастыру:
    • Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық технологияларды меңгеруіне көмек (Mikrosoft Office, Movie Maker, Интернет тораптар және т.б.
    • Онлайн және локальдық ресурстардағы ақпараттарды іздеуге кеңестер және тәжірибелік көмек.
    • Интернет ресурстарының жұмыстары үшін  (Wi-Fi) сымсыз қосуға арналған Интернет торабына тегін қолжеткізу ұсынылады. «Электронды үкімет» (www.egov.kz)  мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін орындау. «Әділет» АІЖ.  Бұхар жырау атындағы кітапхананың оқу залында, е-кітап оқу мен интернет жұмыстарына арналған, планшеттер мен ридерлерді тегін пайдалану.
    • «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханаларының қорлары мен каталогтары бойынша ақпараттар іздейді. 
    • Пайдаланушыларға анықтамалық, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетеді.

     

    БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫ

    Бөлім құрылымы: абонемент және оқу залы. Штатта - 8 адам бар.

     

    ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

    Бөлім ұжымы «Coworcing center», «Кітаптар қорының сақталуы» жобасы аясында жұмыс істейді.

     

    ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

    Күнделікті: 10.00 бастап 18.00 дейін

    Демалыс күні: дүйсенбі

     

    ҚОСЫМША АҚПАРАТ

    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі:

    Малмакова Сауле Тлеубековна

    Телефон: 8(72156)5-40-58

    E-mail:ooch_cgb@rambler.ru

    otdelobsluzhivaniya@list.ru

     

     

    қайта оралу

     

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida