Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 10 Октября 2023 15:13, Просмотров (886), Печать

     

    «Музафар Әлімбаевтың өлеңдерін оқимыз»

    челленджін өткізу туралы ереже

     

    1.Жалпы ережелер

    1.1 Осы Ереже қазақ балалар жазушысы және ақыны Музафар Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Музафар Әлімбаевтың өлеңдерін оқимыз» челленджін (бұдан әрі-Челлендж) өткізу тәртібін айқындайды;

    1.2 Челленджді өткізудің мақсаты қазақстандық балалар жазушыларының шығармашылығын дәріптеу, балалардың назарын кітап пен оқуға аудару болып табылады;

    1.3 Ұйымдастырушы - Бұқар Жырау атындағы Орталық қалалық кітапхананың кітапханаларды және кітапхана жұмысын дамыту бөлімі. (бұдан әрі-ұйымдастырушы);

    1.4 Челлендж 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар арасында өткізіледі.

     

    2. Челленджді өткізу мерзімі

    2.1 Челлендж 2023 жылғы 22 қазаннан бастап 2023 жылғы 29 қазанға дейін (қоса алғанда) өткізіледі.

    3.Челленджді өткізу тәртібі

    3.1 Челлендж интернет-марафон форматында өтеді;

    3.2 Челленджге қатысу Музафар Әлімбаев өлеңінің орындалуын көрсететін бейнеролик жасауды, одан кейін бейнені әлеуметтік желілерде орналастыруды көздейді;

    3.3 Бейнеролик #МузафарАлимбаев #челлендж #шахтинскаяцбс #стихиМузафараАлимбаева хэштегімен қатысушыны танытатын              әлеуметтік желілердің бірінде - Facebook, Instagram, Вконтакте, Одноклассники немесе кітапхананың парақшасында - (қатысушының таңдауы бойынша) қатысушының (немесе ата-анасының) жеке парақшасында орналастырылуы тиіс.

        Сонымен қатар, сіз хэштегтердің шексіз санын көрсете аласыз, мысалы, оқу орныңыздың хэштегін қосуыңызға болды;

    3.4 Оқырмандар челленджіне қатыса отырып, қатысушы Челлендждің ережесімен және Регламентімен өзінің келісімін растайды.

     

    4.Челленджді қорытындылау

    4.1 Челлендждің барлық қатысушылары сертификаттар алады;

    4.2 Қорытындылар 2023 жылғы 9 қарашада шығарылады;

    4.3 Ұйымдастырушы Қатысушыларға сертификаттарды электрондық түрде қатысушының сауалнама-өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайға (1-қосымша) жібереді.

     

    5.Үйлестіру

    5.1 Үйлестірушілердің функцияларына Челленджді ілгерілету, оның шарттарын түсіндіру, сауалнама-өтінімдерді өңдеу, жалпы қорытындыны шығару, сертификаттарды тапсыру кіреді;

    5.2 Челлендждің үйлестірушісі «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханаларды және кітапхана жұмысын дамыту бөлімі болып табылады.

     

     

     

     

    Байланыс телефоны: 8 (72156) 54058

     

    Электрондық пошта мекенжайы: orbibr@rambler.ru

     

    Орналасқан жері: 101601, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай даңғылы, 7/1, Бұқар Жырау атындағы Орталық қалалық кітапхана.

     

     

    Балалар жазушысы мен ақынының 100 жылдық мерейтойына арналған «Музафар Әлімбаевтың өлеңдерін оқимыз» челленджіне қатысуға өтінім

     

     

    қайта оралу

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida