«Алаш қайраткерлері» (Жақып Ақбайұлы 150 жылдығы)
Кітапханашы Долинка кентінде орналасқан 6505 Әскери бөлім сарбаздарын қарсы алып, тақырыпты таныстырды. Алдымен іс-шараның мақсаты мен жоспары қысқаша айтылды. Жақып Ақбайұлының өмірбаяны мен қызметі, сонымен қатар оның өмір жолы, білімге, ағартушылыққа қосқан үлесі таныстырылып өтілді. Бейнематериалдар арқылы тарихи мұрағаттағы деректер көрсетілді. Сарбаздар белсенділік танытып, тақырыпқа сай атсалысып, сұрақ қойып, қойылған сұрақтарға да белсенділік жауап бере алды. Кітапханашы тарихи сағатты қорытындылап, келген сарбаздарға айтты. Шара соңында қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Олар Жақып Ақбайұлының өмірі мен еңбегі туралы мәлімет алды. Алаш қозғалысының тарихи рөлін түсінді. Патриоттық сезімдері мен тарихи санасы артты.