Ғаламшарлардың жолдарында біздің ізіміз қалады

14.04.2026 14:28 Администратор библиотеки
Ғаламшарлардың жолдарында біздің ізіміз қалады

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жұлдыз» шағын орталығының бүлдіршіндеріне арнап «Ғаламшарлардың жолдарында біздің ізіміз қалады» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар ғарыш әлеміне қызықты саяхат жасап, «ғарыш» және «ғарышкерлік» ұғымдарымен танысты. Сондай-ақ олар Күн жүйесі, ғаламшарлар мен жұлдыздар туралы алғашқы мағлұматтар алды. Бүлдіршіндер өздерін нағыз ғарышкерлердей сезініп, «айдағы жүрісті» орындады, шеңберге тұрып ең үлкен ғаламшарды бейнеледі, Марс секілді қызыл түсті заттарды іздеді және «Ғарыш әлемі» атты викторинаға белсенді қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларға ғарыш жайлы қызықты әрі түсінікті жазылған, түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптарды ұсынып, олардың қызығушылығын арттырды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР