Цифрлық дәуірдегі балалар кітапханалары
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ барып, «Цифрлық дәуірдегі балалар кітапханалары» атты кітапханалық сабақ өткізді. Іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға және заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Оқушылар жасанды интеллекттің негіздерімен, оның қолданылу салаларымен және даму болашағымен танысты. Бұл жұмыс логикалық ойлау, креативтілік және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ кітапханашы қатысушыларды «Шахтинск ОКЖ» КММ ресми сайтымен таныстырды.