Қазақ батырының жұлдызды жолы

05.05.2026 13:54 Администратор библиотеки
Қазақ батырының жұлдызды жолы

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалына №4 ЖББМ 4 «А» сынып оқушылары келді. Оқушылар үшін Қазақстанның көрнекті ғарышкері Талғат Мұсабаевқа арналған «Қазақ батырының жұлдызды жолы» атты тарихи портрет ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар Талғат Мұсабаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы кеңінен мәлімет алды. Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшуы, ғылыми-зерттеу жұмыстары және ғарыш саласына қосқан үлесі туралы айтылды. Сонымен қатар, оның табандылығы, батылдығы және жоғары кәсібилігінің арқасында халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жеткені атап өтілді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ғарыш тақырыбындағы әдебиеттер мен белгілі ғарышкерлердің өмірі жайлы кітаптар ұсынылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР