Қазақстан армиясы – Отан күзетінде

06.05.2026 17:24 Администратор библиотеки
Қазақстан армиясы – Отан күзетінде

Долинка кентіндегі № 11 кітапхана-филиалында «Қазақстан армиясы – Отан күзетінде» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналды. Шара барысында қатысушылар мерекенің шығу тарихымен, оның ел өміріндегі маңызымен және Қарулы Күштердің мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлімен таныстырылды. Оқырмандар үшін Отан қорғаушыларының ерлігі мен тарихи оқиғалар туралы дайындалған презентация ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ викторина және талқылау ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін тексеріп, жаңа мәліметтермен танысуға мүмкіндік алды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР