Кітап галактикасы бойынша саяхат
№13 балалар кітапхана филиалында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары үшін «Кітап галактикасы бойынша саяхат» атты ойын-сауық сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен ғарыштық сапарға шығып, сол саяхат барысында ғажайып космос әлемімен, планеталармен, ғарыш кемелерімен және батыл ғарышкерлермен танысты. Балалар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерді үйреніп, білімдерін көрсетті. Іс-шара көңілді, танымды және есте қаларлықтай өтті.