Маған керек кітап: Майнкрафт әлеміне саяхат

11.04.2026 12:32 Администратор библиотеки
Маған керек кітап: Майнкрафт әлеміне саяхат

№13  балалар кітапхана  филиалының қызметкері «Маған керек кітап: Майнкрафт әлеміне саяхат» атты бейнеролик дайындады. «Майнкрафт стиліндегі ертегілер» — классикалық сюжеттер текшелі әлем тілінде жаңаша баяндалатын танымал кітаптар топтамасы. Бұл әңгімелерде дәстүрлі кейіпкерлер мен көріністер ойын элементтерімен алмастырылған: қасқырлардың орнына — криперлер, сарайлардың орнына — обсидианнан салынған қамалдар, ал сиқырдың орнын — сиқырлы қасиеттер мен редстоун басқан. Мұндай кітаптар — өткеннің дәстүрі мен болашақтың мүмкіндіктерін байланыстыратын көпір. Мұнда әрбір оқырман тек тыңдаушы ғана емес, өзінің сүйікті оқиғасының толыққанды сәулетшісіне айнала алады. Кітап оқу өмірімізді жарқын, мазмұнды әрі қызықты ете түседі. Бұл шара әлеуметтік желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, қаралымдар мен лайктар арқылы жоғары бағаланды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР