«Жасанды интеллект әлеміне саяхат» интерактивті ойын

17.04.2026 14:00 Администратор библиотеки
«Жасанды интеллект әлеміне саяхат»  интерактивті ойын

«Жасанды интеллект әлеміне саяхат» интерактивті ойыны аясында 6-сынып оқушылары үшін заманауи технологиялар әлемімен таныстырған қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар жасанды интеллекттің жай ғана робот емес, тез үйрене алатын, білімге толы үлкен «сиқырлы кітапхана» екенін білді. Ойын барысында балалар адам мен машинаны ажыратуды үйреніп, «Сөзбе-сөз роботқа» нақты тапсырмалар беруге тырысты. Осы арқылы дұрыс сұраныс (промпт) құрастырудың маңыздылығын түсінді. Қызықты жарыстар, «Болашақ мамандықтары» атты викторина және «Ақылды үй» блиц-сұрақтары оқушылардың дауыстық көмекшілер мен цифрлық суретшілер туралы білімдерін бекітуге көмектесті. Ойынның қорытындысы қатысушыларға жасанды интеллекттің тек ақылды әрі шығармашыл адамның қолында ғана шынайы күшке айналатын қуатты құрал екенін көрсетті. Балалар техниканы адам басқаруы тиіс екенін түсініп, жаңа ашылымдарға шабыт алып қайтты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР